Хазреті Юсуф Хамадани жылда бір айға Бағдат қаласына келіп уағыз-насихат айтады екен. Бір күні уағыз тыңдауға үш дос бірге келеді. Біреуінің көңілінен мына ой өтеді:
«Йа Раббым! Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт. Бұл өлкеге бір Аллаһтың адамы келіпті, бізге уағыз-насихат айтуда. Біздің жолымыз болған екен.»
Екіншісінің ойы мынадай болады:
«Ақыры келген екен достарыммен отырып тыңдайын бәлкім пайдасын көрерміз. Бірақ онсыз да мұнда молдалар аз емес еді, бұл жердегі молдалар жетпей қалды ма екен халыққа? Қазір мен оған бір сұрақ қоямын. Көрейік жауап бере алар ма екен?»
Ал үшіншісінің ойы мынадай болады:
«Бұл молдалар ақша, абырой табу үшін сонау ұзақ өлкелерден осында келіп жатады. Оған қазір бір сұрақ қоямын мүлдем жауап бере алмайды.»
Бірі толығымен тәслім, екіншісі ортада, ал үшіншісі қарсы шығуда болады. Олар сұрақтарын қоймай тұрып, хазреті Юсуф Хамадани оларға қарата біріншіге айтады:
«Ей Абдулқадир! Бұл әдебіңнің көркемдігімен Аллаһу та’аланы және расулын разы еттің. Мен сенің үлкен әулие, ғұлама болатыныңды, сенің ғасырыңда сенен асқан әулие болмайтынын көріп тұрмын. Бағдатта мінберде отырғаныңды және өте жоғарғы ғылымдарды түсіндіріп жатқаныңды көріп тұрмын...
Екіншісіне қарап былай дейді:
«Сенің сұрайын деп ойлаған сұрағың мынау еді, оның жауабы мынау. Бірақ сен өзіңше сынамақ болып әдепсіздік танытқаның үшін өмірің өкінішпен өтеді.»
Үшіншісіне былай дейді:
«Обалың жоқ сенің ей Ибн-ус-Саққа! Сенің сұрамақшы болған сұрағың мынау, жауабы мынадай. Сенен күпірдің иісін сезіп тұрмын, сен мүртәд боласың. Үлкен ғалым боласың әрі дінсіз боласың.»
Ибн-ус-Саққа үлкен ғалым болады. Тигр өзенінің жағасында Аллаһтың бар және бір екеніне 300 дәлел келтіріп береді. Константинопольге барып ол жақта жаман адамдарға қосылып исламнан шығады. Христиан болады. Тіпті бұл жолы Тигрдың жағасына келіп, 3 құдайдың барына 300 дәлел келтіруге тырысады. Ықылассыздығы, әдепсіздігі, тәкаппарлығының кесірінен құрдымға кетеді.
Хазреті Абдулқадир Гәйлани “қуддиса сиррух” захири және батини ілімдерде әулиелердің ең үстемі болады. Қажы Юсуф Хамадани хазіреттің кереметі осылай ортаға шығады.